Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дауға қуанып жатқанда…”: Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан халқына шұғыл үндеу жасады

12:20, 08 желтоқсан 2025

Допинг дауына іліккен кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады  Alash.kz ұлттық порталы.

«Қолдап жатқан спортшы бауырларым мен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын! Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазағым оларға қосылмай, жатқа жығып бермей, қасымнан табылып, таза екенімізге сенім білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен.

Менің бір қуанатыным, бокс карьерамда жаман жанкүйер жинамаппын. Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауыратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын.

Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен. Бұл түсіне білгенге үлкен бақ!» – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар