Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ес-түссіз жатты”. Қайғылы жағдай: Ақтауда тұрғын үйден жасөспірім өлі күйінде табылды

14:25, 08 желтоқсан 2025

Ақтауда тұрғын үйде өрт шығып, жасөспірім көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Маңғыстау облыстық ТЖД хабарлауынша, 28-шағынауданнан өрт туралы хабар «112» пультіне 8 желтоқсан күні сағат 09:04-те түскен. Оқиға №21 үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған.

Өрт сөндірушілер шақыру орнына алты минутта жетіп, шамамен 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті 09:28-де толық сөндірген.

«Тілсіз жауды ауыздықтау барысында пәтерден ес-түссіз жатқан кәмелетке толмаған жасөспірім табылды. Ол дереу жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Алайда дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан, бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», – делінген хабарламада.

Үй тұрғындарын эвакуациялау қажеттілігі болмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, қаза тапқан баланың жасы нақтылануда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар