Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Еуропаны азат ету кезінде қаза тапқандар". Майдан даласында қаза тауып, Прагада жерленген қазақ қаһармандарына тағзым етілді

10:15, 09 мамыр 2025 194

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстанның Чехиядағы Елшілігіннің қызметкерлері Прагадағы Ольшан зиратында гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Alash.KZ El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Ольшан зиратында Қызыл әскердің өзге жауынгерлерімен бірге қазақ сарбаздары да жерленген, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Еске алу шарасы барысында дипломаттар Праганы азат ету кезінде қаза тапқан қазақ батырларының рухына тағзым етті. Ольшан зиратында Кеңес Одағының Батыры старшина Мәжіт Жүнісов, кіші сержант Талғат Зайнуллин, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Мұстафа Сапарбаев, Жолдас Әжімов, Байжан Нұржанов, Қайырғалиев Сайнулла және Зийнил Козин жерленген.

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның орасан зор үлесін атап өтіп, аға буын ерліктерінің мәңгілік жадымызда қалуы тиіс екенін атап өтті.

Ұлы Жеңіске қол жеткізуге себепкер болған қаһармандарды есте сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу – біздің қасиетті парызымыз, – деді дипломат.

Тағзым ету шарасы барысында Мәжіт Жүнісовтің қабірінің басында қазақ сарбаздарына арналып дұға оқылды. 

Іс-шараға сондай-ақ Чехия Қорғаныс министрлігі жанындағы ардагерлер ұйымының төрағасы Мартин Жоур мен Миловице – A.R.Mi қауымдастығының президенті, отставкадағы полковник Светозар Плесник қатысты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар