Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ескі Қазақстан» спорт басшылығынан кетпей, жемқорлық жойылмай, басымыздан сор арылмайды» - cаяси белсенді

15:39, 14 маусым 2024 433

Ұлттық ақпараттық кеңістікте саяси белсенді Дінмұхамед Қаматайдың спорт саласындағы проблемалар мен жемқорлыққа қатысты айтқан өткір пікірі тарады. Белсенді спорттағы жемқорлық жойылмай, жақсы нәтижеге жету мүмкін емес екенін мәлімдеді. «Ескі Қазақстан» спорт басшылығынан шектетілмей - жастардың жолы ашылмайды, деп ашық айтты. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады. 

Саяси белсендінің спорт саласындағы жемқорлыққа қатысты пікірін ztb_kazakhstan бөлісті. 

«Спорттағы сыбайлас жемқорлық мәселесі шешілмейінше, болашағы бар жастардың тағдыры бұзыла береді, ал қазақстандық спорт өз чемпиондарын өсірудің орнына дайын шетелдік легионерлерді «импорттайтын» болады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, спортшылардан оларды дайындау мен өнер көрсетуге бөлінген ақшаны қорқытып алу қылмыстары да бар», - дейді ол.

Қаматай Алматыдағы Республика алаңында Қаңтар оқиғасы кезінде қарусыз адамдардың өлім жазасына кесілгенін көргендердің бірі екенін хабарлады. Сонымен қатар, ол Мәжіліс депутаттығына ең жас экс-кандидат болды. 9 сәуірде Алматыда өткен митингке қатыстып, айыппұл арқалады. 

Сонымен қатар, Дінмұхамед Қаматай Алаш Орда 2.0 жастар қозғалысының негізін қалаушы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар