Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ешқашан ұрысқан емес": Баян Мақсатқызының күйеуі сұқбат барысында анасын еске алып, көз жасына ерік берді

14:04, 26 маусым 2025 525

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Айсәуле Бақытбекқызына берген сұқбатында анасы жайлы естеліктерін бөлісіп, көз жасын тыя алмады, деп жазады Alash.kz.

Кәсіпкермен ашық әрі терең сұқбат жүргізген Айсәуле Бақытбекқызы оның балалық шағы мен өмір жолына қатысты түрлі сауалдар қойды. Әңгіме анасына келгенде Тұрсын Алагөзов ерекше толқыды.

«Анам балалар үйінде тәрбиеленген. Бірақ соған қарамастан бізге – бауырым Асқар екеумізге – бар мейірімін төкті. Ол ешқашан бізге дауыс көтеріп, ұрысқан емес. Біз анамыздың шексіз махаббатына бөленіп өстік...» деген сәтте кәсіпкер сөзін жалғастыра алмай, көзіне жас алды.

«Менің осы күнге жетуім – анамның мейірімінің арқасы», – деп түйіндеді Алагөзов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар