Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерлер әжетханасынан мәйіті табылған бойжеткеннің жақындары сұмдық жайтты айтты (ВИДЕО)

10:40, 30 тамыз 2026

Алматы облысында 21 жастағы бойжеткеннің өліміне байланысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

29 маусымда Ұзынағаш ауылындағы ерлер дәретханасынан 21 жастағы Диананың денесі табылған еді. Алматы облысының полиция департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауда. Алайда марқұмның жақындары оның суицид жасағанына сенбей отыр.

Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға орын алған күні Диана анасын сұлулық салонына апарып, сыйлықтар жасап, концертке билет алып берген. Жұмыстан соң ағасының үйіне баруды жоспарлаған бойжеткен түнде кенеттен хабар-ошарсыз кеткен. Кейін оның денесінен соққы мен көгерген іздер байқалған. Сондай-ақ қыздың жанында болған 100 мың теңгесі мен алтын алқасы жоғалған, ал кейбір жеке заттарын отбасы мүшелері жырадан өздері тауып, тергеушіге тапсырған.

Сонымен қатар, марқұмның құрбылары Threads желісінде Диананың өзін аңдып, мазалап жүрген ер адам туралы жазған хаттарын жариялады. Туыстары қайғылы жағдай алдында дәретхана маңында екі көлік пен төрт жас жігіттің жүргенін алға тартып, істің әділ әрі жан-жақты тергелуін талап етуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар