Алматы облысында 21 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты жұмбақ жағдайлар анықталуда, деп хабарлайды Alash.kz.
29 маусымда Ұзынағаш ауылында 21 жастағы Диананың жансыз денесі ерлер әжетханасынан асылып тұрған күйінде табылған еді. Қайғылы оқиғадан кейін бойжеткеннің жақындары полицияның «суицид» деген нұсқасына келіспей, оны біреулер аса қатыгездікпен өтірген болуы мүмкін деп дабыл қағуда.
Анасының айтуынша, оқиға алдында Диананың көңіл-күйі көтеріңкі болған. Анасын сұлулық салонына апарып, сыйлықтар жасап, концертке билет сыйлаған. Жұмыстан кейін ағасына баруды жоспарлаған бойжеткен түнде кенеттен байланысқа шықпай кеткен.
Марқұмның туыстары оның денесінде көптеген соққы мен дене жарақаттарының іздері бар екенін алға тартуда. Сондай-ақ оның сөмкесінен 100 мың теңге, ал мойнынан алтын алқасы жоғалған. Бойжеткеннің жеке заттарын жақындары кейінірек сай ішінен тауып алып, тергеушілерге тапсырған. Оған қоса, оқиға орнындағы әжетхана маңынан екі күдікті көлік пен төрт жас жігітті көрген куәгерлер де бар болып шықты.
Қазіргі уақытта полиция бұл факті бойынша «Өзін-өзі өлуге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.