Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еркін НҰРАЗХАН, суретші: Қаңтар оқиғасына қатысы бар тұлғалар жауапқа тартылуы керек

06:03, 31 мамыр 2022 224
Қазір «Қаңтар оқиғасына» қатысты дүниенің бәрі тергеп-тексеріп жатыр. Салдарынан Мәсімовтен бастап, Қайрат Сатыбалдыға дейін тұтқындалды. Бірақ ел-жұрт олардың жай емес, бай адамдар деп айтуда. Егер солардың «Қаңтардағы оқиғаға», соның ішінде бүкіл дүниені қиратуға төңкеріс ұйымдастыруға қатысы бар болса, дәлелденсе, мемлекетке келтірген бүкіл шығынды қалыпқа келтіруі тиіс.
Мәселен, әрбір елді-мекендердегі орталықтарды, әкімдікті, резиденцияны жарды, күл-талқан етті. Ал оның бәрі халықтың дүниесі. Міне, сол бүлінген дүниені жөндеп қалпына келтіру үшін де қанша қаражат керек. Соның бәрін мемлекеттік бюджеттен емес, сол миллионер мен миллиардерлердің ақшасына жөндеуі тиіс. Енді олардың жауыпты, жауапсыздығын заңды орындары шешер. Менікі тек құр ұсыныс.
Бірақ сол төңкеріс жасауға барын салып, ойран қылған топтың әрекетінен жазықсыз адамдар, полиция қызметкерлері, бейбіт шеруге шыққандар қаншама адам қаза болды. Егер мемлекеттік төңкеріске ұмтылыс жасағандардың қанды ойраны болмағанда жазықсыз жандар құрбан болмас еді.
Әрине, Қасым Жомарт Тоқаев көп дүниені жәймен, ақырын-ақырын түзеп, реттеп келеді. Жасап жатқан өзгерістері де дұрыс-ақ. Тек сол әттеген-айы 200-ден астам адам қаза болғаны. Бірақ Президенттің ондай шешім шығаруына өздері итермеледі. Өйткені «Қаңтар оқиғасынада» Қорғаныс министірі де, Ұлттық Қауіпсіздіктің тарапынан әрекет болмаған соң, кейбір мәселені түбегейлі шешім шығаруға тура келді.
Осының бәрі – халықтың Маңғыстаудағы наразылығынан басталды. Оған себеп болған газдың қымбаттауы, жаппай жұмыссыздық та әсер етті. Осы жағдайдың барлығы 30 жылда кемеліне жетті. Халықтың мәселесін көре тұра, осының өз есебіне пайдалану, Үкіметті басып алмақ болуы дұрыс болмады. Бәріне уақыт төреші. Жауаптылар әлі жазаланар.
,
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар