Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ол дәуір аяқталды! Тым кеш болмай тұрғанда келісімге келсін”: Трамп Кубаға қатаң ескерту жасады

18:17, 11 қаңтар 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Куба бұдан былай Венесуэладан мұнай мен ақша алмайтынын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Куба ұзақ жылдар бойы Венесуэладан жеткізілген орасан көлемдегі мұнай мен қаржылық қолдаудың арқасында күн көріп келді. Қарымтасына Венесуэлада билік құрған соңғы екі диктаторға “қауіпсіздік қызметтерін” ұсынды. Енді ол дәуір аяқталды. АҚШ-тың соққысында көптеген кубалық көз жұмды. Енді Венесуэланы әлемдегі ең қуатты армияға ие, айқын басымдықпен алда тұрған Америка Құрама Штаттары қорғайды. Біз оны қорғаймыз және қорғауды жалғастырамыз. Кубаға бұдан былай мұнай да, қаржылай көмек те көрсетілмейді. Нөл. Оларға тым кеш болмай тұрғанда келісімге келуге шұғыл түрде кеңес беремін”, - деп жазды Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар