Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Елбасы" сөзі енді қолданылмайды

05:53, 28 сәуір 2022 317
 



Бүгін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Конституциядан Елбасының мәртебесі мен артықшылығы туралы баптар алынып тасталғанын түсіндірді.
«Конституцияда тек қана мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана қалады. Сондықтан Конституция қабылданғаннан кейін, Тұңғыш президент туралы Конституциялық заң да күшін жояды деп күтілуде» деді Қошанов.

Енді Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты экс-президент туралы норма қолданылады. Бүгінде бұл норма Конституцияда да, президент туралы заңда да бар. Ерлан Қошанов Конституциядан Елбасы деген сөз алынып тасталғанын түсіндірді. Бұл ретте мәжіліс төрағасы экс-президент туралы норма Назарбаевқа қандай құқық пен құзырет беретінін нақтылап өтті.
«Біріншіден, ар-намысы мен абырой-беделін қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, яғни зейнетақысы, көлігі, күзеті бар. Осы мәселелер мемлекет тарапынан реттеледі» деді мәжіліс төрағасы.

Жаңа конституциялық заң бойынша Назарбаевты ұстауға, қамауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге, күзетпен ұстауға болмайды.

Сонымен қатар, Елбасы мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық жеке мүлікке тиісуге және шектеу қоюға болмайды.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар