Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дұрыс бағаланбай келеді". Әнші Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасқа толды

12:58, 06 қаңтар 2025 745

Қазақстанның Халық әртісі, елге танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов 88 жастың белесіне шықты,  деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасқа толды. Туған күн  иесін журналист Марат Байділдәұлы әлеуметтік желідегі парақшасында өнер адамын туған күнімен құттықтап, арнаулы жазба жариялады. 

“Бүгін Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыздың туған күні. 88 жасқа толып жатыр”, – деп жазды журналист.

Сонымен қатар, журналист туған күн иесінің лайықты дәрежеде құрметтелмей жатқанына назар аударды.  Ол Нұрғали Нүсіпжановқа Еңбек Ері атағының әлі берілмегеніне күйінді. 

“Осыдан екі жыл бұрын Нұрағаңа Қазақстанның Еңбек Ері атағын беру туралы Мемлекет басшысының атына хат жазып, осы атақты алған Асекеңнен – Асанәлі Әшімовтен бастап Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Роза Рымбаева, Аягүл Миразова сияқты бес қайраткерге қол қойғызып жіберіп едік. Өкінішке қарай, ұсыныс өтпеді. Алла тағалам Нұрғали ағама ұзақ өмір берсін! Құдай қаласа енді екі жылдан кейін 90 жылдығында бұйырар. Соған бәріміз аман-есен жетейік”, – деп жазды автор. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар