Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Денесі жарақат, мүшелері жеткіліксіз, жағдайы өте ауыр: Тағы бір сарбаз ауруханаға түсті

20:50, 11 маусым 2024 4346

Кеудесінде жарақат бар: Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.

Оқиға 9 маусым күні болған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сарбаздың жағдайы ауыр.

"Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына “полисегментальды пневмония” диагнозымен жатқызылды. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді", — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ дәрігерлер сарбаздың кеуде қуысында жарақаты бар екенін айтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар