Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Өскемен қаласындағы концертінің бір күнге шегерілгенін түсіндіріп, халықтан қолдау білдіргендері үшін алғыс айтты, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Құрметті достар, ағайын! Иә, менің Өскемен қаласындағы концертім 1 күнге шегерілген болатын. Түсіністік танытқан, концертке келген Өскемен халқына алғыс білдіремін. Концерттің алдында давлением түсіп кетті. Қазір бәрі жақсы! Қазақстанның барлық қаласында концертім болады. Концертте жүздескенше! Баршамыз аман болайық", – деді Тұрсынбек Қабатов.