Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дәрігерлердің жалақысы - 530 мың теңге

10:08, 26 мамыр 2022 210
 



Халықтың табысын арттыру бағдарламасы 850 мың бюджет қызметкерін қамтымақ. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, 2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы айына 320-дан 531 мың теңгеге дейін өседі. Жедел жәрдем қызметкерлерінікі – 173-тен 250 мың теңгеге дейін көтерілмек.

«Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің жалақысы да көтеріледі.
«Қордың ішкі резервінен қызметкерлердің кірісін арттыру бойынша жұмыстар жалғасады. Жыл соңына дейін тағы төрт компанияда өндірістік қызметкерлердің жалақысы 5-тен 18 пайызға дейін өседі» деді премьер-министрдің орынбасары Сенат отырысында.

Сондай-ақ, ол 2022 жылдың сәуір айынан бастап қор компаниялары тобының өндірістік қызметкерлерінің жалақысы 5-тен 48 пайызға дейін өскенін айтты. Бұл ретте ақылы аз қызметтерге басымдық берілді.







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар