2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші рет жеке куәлік алып отырған азаматтар оны тегін ала алады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлім етті.
«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші рет жеке куәлік алатын азаматтар оны тегін ала алады. Сондай-ақ, жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен азаматтар да оны тегін ауыстыра алады. Бұл Ішкі істер министрлігінің бұрын-соңды болмаған бастамасы. Яғни, елімізде тұңғыш рет бірінші рет жеке куәлік алып отырған азаматтар жарна төлемейді, тегін ала алады», - деді Аслан Аталықов.