Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәйітті қайта қазып алдық”: Медициналық сарапшы Айзаттың өлімі жайлы сұмдық деректі айтты

18:11, 20 желтоқсан 2025

Талдықорған қаласында 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына байланысты өтіп жатқан сот отырысында тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров тың деректі мәлім етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Біз сот-медициналық сараптаманы мәйітті қайта қазып алу арқылы жүргіздік. Алғашқы зерттеу кезінде анықталған жарақаттарды және қосымша зақымдарды толық қарап шықтық. Сараптама қорытындысында барлық жарақаттың тірі кезінде салынғаны көрсетілді. Ал аяқ-қолындағы сүйретілу іздері өлі күйінде пайда болған. Өлімнің нақты себебі бас миының ауыр жарақаты. Оның механизмі бетке бірнеше рет соққы жасалып, бас сүйегінің сынуымен байланысты. Бұл жарақаттарға жұдырықпен де, аяқпен де соққы жасау жатады», - деді Тахир Халимназаров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар