АҚШ аумағында Украина мен АҚШ делегациялары Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мәселесін талқылады. Бұл туралы Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
Оның айтуынша, Майами қаласында өткен келіссөздердің қорытындысы Украина президенті Владимир Зеленскийге баяндалған. Тараптар бейбітшілік жоспарының негізгі бағыттарын пысықтап, алдағы қадамдарды талқылаған.
АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэтт Уиттакер де келіссөздерге қатысты пікір білдірді. Ол процестің шешуші кезеңге жақындағанын атап өтіп, түйінді мәселелерді шешу үшін барлық тараптың белсенді жұмыс істеуі қажет екенін айтты.
«Қазір Украинаға қатысты бірқатар күрделі, нәзік мәселелер ғана қалып отыр. Біз бейбітшілікке бұрын-соңды болмаған деңгейде жақындадық. Әрине, жекелеген нюанстар бар, олар аса мұқият әрі қарқынды жұмысты талап етеді. Дегенмен бейбіт шешімге қол жеткізуге мүмкіндік бар деп ойлаймын», – деді Мэтт Уиттакер Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
АҚШ өкілінің сөзінше, келіссөздер қазір аса жауапты әрі сезімтал сатыға жеткен, сондықтан алдағы шешімдер айрықша маңызға ие болмақ.