Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Оқиғаның мән-жайы анықталуда”. Сұмдық жағдай: Алматыда студент мұғалімді пышақтап кеткен (ВИДЕО)

17:48, 21 желтоқсан 2025

Алматыдағы ALT University студенті оқытушыны пышақпен жарақаттады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.

Онда жанжал бағаға қатысты шыққаны айтылған. Алайда университет өкілдері студенттің басқа кафедрада оқитынын және зардап шеккен оқытушының оған сабақ бермегенін хабарлаған.

Алматы полиция департаменті Kazinform тілшісіне бұл ақпаратты растады.

Ведомствоның мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар