Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“17 телефон, есірткі, SIM-карталар” - Кәсіпкер түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбек болған

20:58, 20 желтоқсан 2025

БҚО-да колонияға тыйым салынған заттарды өткізбек болған кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Батыс Қазақстан облысында №28 түзету мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізуге бағытталған арнаның жолы кесілді. Құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерді қылмыс үстінде ұстады.

Ресми мәліметке сәйкес, күдіктіден ZIP-пакеттерге салынған марихуана, 17 ұялы телефон, SIM-карталар, түрлі кабельдер, сондай-ақ аудио және бейнеқұралдар табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар