Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қызының тойында әйелін өлтірген» - Қарағандыдағы жаға ұстатарлық жайтқа қатысты сот шешімі белгілі болды

20:12, 20 желтоқсан 2025

Қарағанды облысында қыздың үйлену тойында әйелін өлтірген ер адамның 18 жылға тағайындалған жазасы апелляциялық сот шешімімен 12 жылға дейін қысқартылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Облыстық сот айыптауды қайта қарастырып, «ерекше қатыгездікпен өлтіру» бабын алып тастаған. Осы арқылы үкім жеңілдетіліп, бас бостандығынан айыру мерзімі 6 жылға қысқарды.

Бұған дейін арнайы аралық ауданаралық сот ер адамның әрекетін «ерекше қатыгездікпен өлтіру» деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған еді. Қылмыскер үкімге қарсы апелляциялық шағым түсірген болатын.

Қайтыс болған әйелдің қызы, «Патриот» паблигіне берген сұхбатында, апелляциялық соттың шешіміне наразылық білдіріп, анасын өлтіргені үшін жазаның қатал болуын талап етті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар