Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Шұғыл! Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Алматыда түнде жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
 
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілді.

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының дерегіне сәйкес, жерасты дүмпулері 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 02:16-да Астана уақытымен (Гринвич бойынша 21 желтоқсан сағат 21:16) Қытай аумағында тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 41,23 градусы, шығыс бойлықтың 78,87 градусы.

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0, энергетикалық класы — K=11,5.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар