Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“15 жерден пышақтап тастаған” - Қонақүйде қаза болған 25 жасар бортсерік туралы жантүршігерлік дерек шықты

18:30, 20 желтоқсан 2025

БАӘ-де әйелді өлтірді деген күдіктегі 41 жастағы ресейлік ер адам ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Тергеу мәліметіне сүйенсек, ер адам желтоқсанның 17-сінен 18-не қараған түні Дубайдағы қонақүйде бұрынғы сүйіктісіне кемінде 15 пышақ жарақатын салған. Жарақат салдарынан әйел сол жерде көз жұмған.

Қылмыстан кейін күдікті Ресейге ұшып, Санкт-Петербургте ресейлік құқық қорғау органдарының әрекетімен, БАӘ әріптестерінің қолдауымен ұсталды.

Белгілі болғандай, қайтыс болған 25 жастағы қыз халықаралық әуе компаниясының бортсерік болып жұмыс істеген. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің әрекет себептері анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар