Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Биыл 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы 20%-ға өседі

18:17, 06 қаңтар 2025 216

Биыл 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы 20%-ға өседі, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% - ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар