Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бес балам… Қалай болады… Қатты уайымдадым": Мөлдір Мұқанның сөзі елді жылатты (ВИДЕО)

19:15, 16 шілде 2026

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан отбасындағы үш бірдей қуанышты қатар атап өтті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом алуын, екінші қызы Айымның мектеп бітіруін және кенже ұлы Райымбектің сүндет тойын атап өту үшін жақындарының басын қосып, дүркіретіп той өткізді.

Мерекелік кеште Мөлдір Мұқан сөз сөйлеп, жүрекжарды лебізін білдірді.

Өнер иесі экс-жұбайы Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқаннан кейінгі қиын кезеңді еске алып, бес баланы қалай асыраймын деп алаңдағанын айтты.

“Адамның қолынан бәрі келеді екен. “Қалай болады екен? Бес баламды асырай аламын ба?” деп қатты уайымдадым. Әйел адам болған соң нәзікпіз, әлсізбіз. Алла Тағала күш-қуат береді екен. “Қорықпа, сенің қолыңнан бәрі келеді, алға бас!” дегендей жігер береді. Шынымен, мұндай нәтижеге жетемін деп ойламадым. Қазір өмір сүру деңгейіміз бұрынғыдан да жақсарды. Позитивпен өмір сүріп, шетелге шығып, бір айдың ішінде екі көлік алдық”,- деді Мөлдір Мұқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар