Украина президенті Владимир Зеленский елдің премьер-министрі лауазымына «Нафтогаз Украины» ұлттық компаниясының бас директоры Сергей Корецкийдің кандидатурасын ұсынды, деп жазады Alash.kz.
Бұл туралы Жоғарғы Раданың төрағасы мәлімдеп, президенттің ұсынысы парламентке ресми түрде түскенін хабарлады.
«Украина президенті Владимир Зеленскийдің Сергей Корецкийді премьер-министр қызметіне тағайындау туралы ұсынысы Жоғарғы Радаға келіп түсті. Парламент бұл мәселені белгіленген рәсімге сәйкес жақын арада қарайды», – деді парламент спикері.
Еске салайық, 12 шілдеде бұқаралық ақпарат құралдарында Владимир Зеленскийдің сол кездегі премьер-министр Юлия Свириденконы қызметінен босату туралы шешім қабылдағаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Мәліметке сәйкес, Свириденко мемлекеттік басқарудағы жаңа маңызды бағытқа жетекшілік етеді.
Сонымен қатар Украина қорғаныс министрі Михаил Федоров та қызметінен кететінін мәлімдеді.
Ал бұған дейін Украина үкіметі премьер-министрдің жетекшілігімен толық құрамда отставкаға кеткен еді.
Сергей Корецкийдің кандидатурасы парламент тарапынан мақұлданса, ол Украинаның жаңа премьер-министрі болады. Қазір Жоғарғы Рада бұл мәселені заңнамада көзделген тәртіппен қарауға дайындалып жатыр.