Каспий теңізінде жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарынан кейін табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады деп жазады Alash.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға Ақтаудан 51 шақырым жерде орналасқан жағалаудың шомылуға арналмаған учаскесінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасөспірім SUP-тақтаймен теңізге шығып, кейін құтқару кеудешелерін шешіп, суға түсуге шешім қабылдаған. Сол кезде олардың бірі суға батып кеткен.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, іздестіру жұмыстарын бастаған. Жасөспірімдердің бірін аман алып қалу мүмкін болғанымен, екіншісі су астында жоғалып кеткен.
Бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар жасөспірімнің мәйітін тапты.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда демалуға, құтқару кеудешесін шешпеуге және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Каспий теңізінде қайғылы жағдай: жоғалған жасөспірімнің денесі табылды
Қайғылы жағдай: Ақтөбеде 16 жасар студент жатақханa терезесінен құлап, қаза тапты
12:11, 04 қараша 2026
Щучинскідегі 12 адамның өмірін қиған жарылыс: Сот процесі туралы тың дерек шықты
11:02, 04 қараша 2026
«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді
10:22, 04 қараша 2026
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады
18:00, 03 қараша 2026
«Алаңда ауыр жарақат алған». Қаралы хабар: 30 жастағы футболшы қаза тапты (ВИДЕО)
17:48, 03 қараша 2026
«4 күн бұрын үйінен шығып кеткен»: Семейде 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалды
15:40, 03 қараша 2026
«Соғысты тоқтату»: Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан өтетіні белгілі болды
15:31, 03 қараша 2026
«Жедел жәрдем келгенше көз жұмған»: СҚО-да 17 жасар қыздың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр
14:26, 03 қараша 2026
Үш жылдық мораторий енгізіледі: Қазақстанда орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді
13:22, 03 қараша 2026