Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтаулықтар Джеки Чаннан көмек сұрады

14:08, 16 шілде 2026
 
 
 

Ақтау тұрғындары әлемге әйгілі актердің жарияланымдарының астына жаппай пікір қалдырып, қаладағы көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ауызсу мәселесіне назар аударуды сұрап отыр, деп жазады Alash.kz. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі тіпті видеоүндеу жариялап, актерге тікелей үн қатқан.

"Құрметті Джеки Чан, Ақтауға қош келдіңіз! Бұл – Қазақстан. Бізде ауызсу жоқ. Билік бірнеше рет жергілікті халықты ауызсумен қамтамасыз етуді тоқтатты. Өтінемін, үйіме келіңіз", – дейді жергілікті тұрғын.

Жергілікті жұртшылық әлемдік жұлдыздың назарын өңірдегі өзекті мәселеге аударуға тырысқан. Әзірге актер Ақтау тұрғындарының өтініштеріне ешқандай пікір білдірген жоқ.

Ал, Маңғыстау облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасының мәліметінше, өңірде ауызсу тапшылығы жоқ. Мәселе тозығы жеткен су құбырларының өткізу қабілетінде болып отыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген отырыста, суға жауапты қызметкерлердің жұмысын сынға алып, тапсырма берді. Аймақ басшысы проблемаға ерең зерттеу өткізіп, тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар