Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Семей орманы» өртеніп жатыр

15:01, 16 шілде 2026

Абай облысында «Семей орманы» орман алқабы өртеніп жатыр. Қазіргі таңда  өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Alash.kz.

ТЖМ ақпаратына қарағанда, Абай облысының Бородулиха ауданында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы аумағында орман алқабы жанды.  

«Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және ҰҚК авиациясы жұмылдырылды. Өртпен күресу үшін тартылған тікұшақтар өрт ошақтарына жалпы көлемі 15 тонна су төкті», – делінген хабарламада.

Бұл тілсіз жауды оқшаулауға мүмкіндік бермек. ТЖМ жедел штабы барлық жұмылдырылған қызметтердің іс-қимылын үйлестірген. Өртті өшіру жұмыстары жасалып жатыр.

Полиция мәліметінше, 200-ден аса адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде балалар да бар. Балалар лагерінің 190 тәрбиеленушісі мен 20 қызметкері эвакуацияланды.

Қауіпті аумақ қоршауға алынып, өрт ошағына апаратын жолдар жабылған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар