Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында мәлімдеді.

Өнер иесінің айтуынша, Ернар Айдар шығармашылықпен жүрген жылдары олардың шаңырағында төрт жыл бойы тұрған. Сол уақытта Қуаныштың қасында жүріп, ән айту мен сахна өнерінің қыр-сырын меңгерген.

«Ол кезде Ернар: “Ұстазым, тойға тұрақты шыға бастасам, сізге міндетті түрде “570” көлігін мінгіземін” деп уәде берген еді. Кейін Қуанышқа Pajero автокөлігін сыйлады. Бірақ арада біраз уақыт өткен соң, сол көлікті қайтадан алып кетті», – дейді Қарлығаш Сұлтанша.

Әншінің сөзінше, осы жағдайдан кейін ол жолдасына мұндай мәселеде ешкімнің уәдесіне сенбей, еңбектің ақысын бірден есептесіп отырған дұрыс екенін айтқан.

Сондай-ақ Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдардың концертінде ұстазына тек шапан жабылғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушыларының да түрлі пікір білдіргенін еске алды. Олардың арасында ұстазына бұдан да үлкен құрмет көрсетілуі керек еді деген пікірлер болған.