Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жарты сағатта досвидания боламын" - әнші Нұрлан Әміровтың жағдайы оқырмандарды алаңдатып қойды (ВИДЕО)

09:05, 16 шілде 2026

Кезінде «Жұлдызым» әнімен көпшіліктің жүрегінен орын алған «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан Әміровтің қазіргі жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Alash.kz.

Желіде тараған видеода әншінің арнайы аппараттың көмегімен ғана қозғала алатынын көруге болады. Нұрлан Әміров құрылғыны денесіне тағып жүретінін айтып, онсыз жүре алмайтынын жеткізген. Сондай-ақ, денесіндегі отадан қалған тыртықты көрсетіп, өзіне күтім жасап жүрген жарына алғысын білдірді.

Видеоға түсіріп тұрған адам "Жүрегіңізді сөмкеге салып алып жүресіз бе? Ойпырмай, Нұрағам осындай жағдайда жүріп өнерді тастамайды" дейді. Әнші оған "Мына жердің бәрін кесті ғой" деп кеуде тұсын көрсетеді. Видео авторы "Нұраға, әуелі Алланың қолындасыз, содан кейін өміріңіз ақ жеңгемнің қолында екен ғой?" деп әзілдейді. Оған әнші "Тоқты суырып тастаса, бітті, жарты сағатта досвидания боламын" деп күледі. 

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіруде. Видео көпшілікті бейжай қалдырмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар