Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бас прокуратура Қаңтар оқиғасында "қарулы шабуыл жасаған" 92 адамның қаза болғанын айтты

05:33, 17 тамыз 2022 281
[ad_1]



Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған 238 адамның 176-ының қалай мерт болғаны анықталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бірнеше адам бизнес нысандарын "тонау" кезінде өлтірілген.


—Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент және Атырауда 92 адам әкімдік, полиция, президент резиденциясы, телемұнара сонымен бірге дүкендер мен өзге де нысандарға қарулы шабуыл кезінде опат болды, – деді Қилымжанов.


—Қылмыскерлер негізінен тұрғын үй аулаларына жасырынып, сол жақтан қарулы шабуылға көшкен. Антитеррористік операция барысында жан-жақтан оқ атылып жатқанда бірнеше адам оқ жарақатын алып, опат болған. Бірнеше адам түрлі бизнес нысандарын тонап жатқан кезде мерт болды, - деді Қилымжанов.


Ол сонымен бірге Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында күштік құрылымның 19 өкілі опат болды деген ақпаратты қайталады.


— Олар өлтірілді, қоғам тәртібі мен мемлекеттік нысандарды қорғаған қызметкерлердің кейбірін қылмыскерлер азаптап өлтірген, – деді Қилымжанов.


Бас прокуратура мәліметінше, қазір Қаңтар оқиғасында қаза болған 200 адамның қазасына байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.


16 тамызда Бас прокуратура өкілі күштік құрылым өкілдерінің ұсталғандарды тергеу кезінде қызмет өкілетін асыра пайдаланғанын растады.


—Күштік орган қызметкерлерінің тергеу кезінде рұқсат етілмеген әдіс қолдануының нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп күдікке ілінген алты адам қаза болды. Күштік құрылымның 15 өкілі күдікті танылып, оларға түрлі бұлтартпас шарасы қолданылды, – деді Қилымжанов.


Оның айтуынша, қазірге дейін "ұрланған қару-жарақтың үштен бір бөлігі ғана" табылған. Барлығы 1259 қару ұрланған. Ведомствоның айтуынша, қалған қару әлі қылмыскерлер қолында.


16 тамызда Бас прокуратура Қаңтарда қаза болған адамдардың тізімін жариялаған. Тізім қанды оқиғадан кейін жеті ай өткен соң жарияланды. Тізімде 238 марқұмның фамилиясы мен есімінің инициалы ғана жазылған. Марқұмдардың қалай, қандай жағдайда қаза тапқаны жайлы ақпарат жоқ. Күштік құрылым өкілдерінің "антитеррористік операция" кезінде кімді өлтіргені белгісіз. Тізімде сонымен бірге кімнің атыс кезінде кездейсоқ өлгені немесе азаптау нәтижесінде өлгені нақтыланбаған.





[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар