Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Барлығы үшін сабақ болды” - Қарағанды әкімі полиция бекетінде өлі табылған қыздың ісі туралы тың мәлімдеме жасады

21:18, 12 қараша 2025 458

Қарағанды облысында полиция бекетінде 23 жастағы қыздың өлі табылуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қайғылы оқиғадан кейін облыс басшысы Ермағанбет Бөлекбаев жағдайды жеке бақылауына алғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Брифинг барысында журналистер әкімнен осы оқиғадан қандай қорытынды жасалғанын сұрағанда, ол ішкі істер органдары өз тергеуін жүргізіп, тиісті тәртіптік шаралар қабылдағанын жеткізді.

«Барлығы үшін сабақ болды деп ойлаймын. Бұл тек полицияға емес, барлығына сабақ», – деді Ермағанбет Бөлекбаев.

Оқиға 30 қыркүйек күні кешке болған. Сол күні аға учаскелік инспектор полиция бекетінің диванында ес-түссіз жатқан қызды байқап, дереу дәрігерлерді шақырған. Медициналық қызметкерлер келген сәтте 23 жастағы Эльмираның тіршілік белгілері болмағаны анықталған.

Полиция қызметкерлері тексеру кезінде көршілес бөлмеде 36 жастағы майордың да ес-түссіз жатқанын көріп, оны шұғыл ауруханаға жеткізген. Құқық қорғау органдары екі адамның да денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын хабарлады.

Белгілі болғандай, Эльмира мен полицей бір-бірін бұрыннан таныған. Қыздың артында төрт жасар ұлы қалды. Ал қайғылы жағдайдан кейін бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылған.

Қазір бұл істің нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар