Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бәлкім, жақсы да шығар» - Педофилдерді мысал еткен ұстаз мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

13:58, 14 қараша 2025 99

Нұр-Мүбарак университетінде өткен семинар кезінде мысал келтіргені үшін сынға ұшыраған Нұржан Смағұл бұл жағдайды дау шығаруға негіз жоқ деп түсіндірді. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz.

Нұржан Смағұлдың айтуынша, мысал арқылы ол адамдарға дұрыс сенімді үйретуді көздеген:

«Бұл жағдай бәлкім жақсы да шығар. Мен ақида маманы бола тұра, Алланы танылуымды қалаған шығар. Ел таныса, сөз етуге ыңғайлы болады. Сондықтан да осы сәтті пайдаланып, дұрыс сенімімізді елге үйретіп қалуды ойлайық. Мені қаралау соңында қазақты тура дінге алып келуге себеп болса, онда мен мың рет қараланғанды қалар едім. Ұлт үшін қызмет — Алланың қазақ қылып, сені таңдағаны үшін шүкіршілік ету деп түсінемін».

Ол пікірінде өз ісін елге пайдалы қызмет ретінде қарастыратынын және кез келген сынды халыққа дін жолында қызмет ету мүмкіндігі ретінде қабылдайтынын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар