Әнші Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарып, желідегі парақшасында жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Бірге жанымыз!”. Осы әнді орындағанымда мен де, ажырасамын деп ойламадым. Ешқандай қыз ажырасамын деп күйеуге шықпайды. Ол - міне менің тірегім, арқа сүйер азаматым деп, сенім артады емес пе…? Бірақ өкініштісі әйел былай тұрсын, балаларынан безіп отырған бір сондай жауапсыз еркектерден құралған бір буынды көріп отырмыз. Иә, бәріне топырақ шашпаймын. Небір мықты азаматтар баршылық қой. Дегенмен, жауапкершілігі отбасы түгілі өз өзіне жете алмай жатқан ерлер басымырақ болып тұр… Бұл біз өмір сүріп отырған өз қоғамымыздың қазіргі дерті. Отбасын құрбан ете салатын, жеме жемгенде келгенде бәріне оп-оңай қол сілтей салатын ерлер, біраз ой жүгіртіп жинақталатын кездерің келді. Қыздарымыз үшін! Нәзік жандылар үшін! Аналар үшін! Болашақ ұрпақ үшін! Ұлтымыз үшін!", - деді Мөлдір Әуелбекова.