Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азық-түлік арзандады: Апта ішінде қандай тауар бағасы төмендеп, қандай өзгерістер болды?

16:32, 09 қазан 2026

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының біршама түрі арзандап, кей өңірлерде бағаның төмендеуі байқалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Соңғы аптадағы есеп бойынша ең көп арзандаған өнім — пияз. Оның бағасы бірден 4%-ға төмендеп, республика бойынша орташа құны килограмына 133 теңгені құрады. Ал бұл өнімнің ең арзан бағасы Талдықорғанда тіркеліп, килограмы 108 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ қант бағасы 2,6%-ға арзандап, орташа көрсеткіш 435 теңгеге тұрақтады (ең арзан қант Ақтөбеде — 368 тг/кг).

Бұдан бөлек, мына азық-түлік түрлерінің бағасы төмендеді:

  • Алма — 1,8%-ға арзандады (орташа бағасы 699 тг/кг, ең арзаны Шымкентте — 494 тг/кг);

  • Картоп — 1%-ға;

  • Сәбіз — 0,8%-ға;

  • Балық — 0,3%-ға;

  • Қаймақ, тартылған ет (фарш) және күріш — 0,2%-ға.

Сондай-ақ қиярдың республикалық орташа бағасы килограмына 536 теңгені құрады. Ең арзан қияр Түркістанда (346 тг/кг) мен Таразда (414 тг/кг) тіркелді. Ал ұн, нан, сүйексіз сиыр еті, қой еті және тауық етінің бағасы бұл аптада еш өзгеріссіз қалды.

Аймақтар тұрғысынан алғанда, азық-түлік бағасы Атырауда 0,3%-ға, ал Түркістан мен Ақтау қалаларында 0,1%-ға арзандады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Павлодар, Талдықорған және Тараз қалаларында баға бұрынғы деңгейде сақталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар