Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту қажет»: Президент Премьер-министрге бірқатар тапсырма берді

14:00, 31 тамыз 2026

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды.

Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар