Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесуінде премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.