Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты хабар: Асу Алмабаев Түркиядағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды

10:53, 31 тамыз 2026

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Ыстамбұлда өткен бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен өткен ACBJJ 22 турнирінде чемпиондық титулды жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Sports.kz-тің хабарлауынша, Асу Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен титулдық белдесуге шықты. All-Stars Title Match мәртебесіндегі кездесу No-Gi, яғни кимонoсыз күрес ережесі бойынша өтті.

Белдесу қорытындысында төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп таныды. Осылайша Асу Алмабаев турнирдің чемпиондық атағын иеленді.

Айта кетейік, Алмабаевтың ММА-дағы соңғы ресми жекпе-жегі маусым айында өткен. Ол америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта жеңген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар