Алматыда түнгі уақытта электросамокат тиімді басқара алмаған 44 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Варламов көшесі бойында, Төле би даңғылына жақын маңда болған. Ер адам қозғалыс кезінде самокатқа ие бола алмай, жол жиегіндегі жиектасқа (бордюр) соғылып, ауыр жарақат алған.
Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері бірнеше минут бойы азаматтың өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм самокат айдау барысында шлем мен өзге де жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбаған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.