ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа депутаттардың пәтеріне қатысты пікір білдіріп, қолдау білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Министр соңғы уақытта Құрылтай мүшелерінің тұрғын үйіне қатысты айтылып жатқан сындарға тоқталды. Аида Балаева:
«Соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутаттарына қатысты, соның ішінде тұрғын үй мәселесіне байланысты буллингке ұласатын орынсыз пікірлер айтылып жатқанын байқауға болады», — деп жазды.
Министрдің айтуынша, бұған дейін баспана редакциялар әзірлеген тізім негізінде үлестіріліп келген. Ал қазіргі енгізілген талаптарға сәйкес, пәтерді тек өзге жылжымайтын мүлкі жоқ журналистер ғана алуға құқылы.