Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Авиациялық шоу кезінде құлаған» - Әлеуметтік желіде тараған сұмдық ұшақ апаты елді шошытты (ВИДЕО)

17:40, 21 қараша 2025 182

Үндістанның Tejas жойғыш ұшағы Дубайдағы халықаралық авиациялық көрме кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Alash.kz.

NDTV телеарнасының қызметкері X әлеуметтік желісінде:
«Үндістандық Tejas жойғыш ұшағы Дубайдағы авиациялық шоуда демонстрациялық ұшу кезінде құлады. Қосымша ақпарат күтілуде», — деп жазды.

Қазіргі уақытта ұшқыштың тағдыры туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Әлеуметтік желілерде ұшақтың құлау сәтін көрсететін кадрлар таралған, онда катапульталау белгісі көрінбейді.

Gulf News газетінің мәліметінше, ұйымдастырушылар авиациялық көрмедегі ұшу бағдарламасын уақытша тоқтатқан.

Tejas ұшағы — жеңіл көпмақсатты жойғыш ұшақ, оны Үндістанның Hindustan Aeronautics Limited компаниясы ұлттық әуе күштері мен әскери-теңіз күштері үшін шығарады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар