Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көп жұмыс істесең, жарқын болашақ күтеді» - Шерхан Қалмұрза «Реал» жұлдызы Тибо Куртуамен кездесудегі әсерімен бөлісті (ВИДЕО)

12:21, 21 қараша 2025 183

Қазақстан U-19 құрамасының және «Қайрат» клубының жас қақпашысы Шерхан Калмурза «Реалдың» жұлдызды қақпашысы Тибо Куртуамен ойыннан соң кездесіп, жеке әңгіме жүргізді, деп хабарлайды Alash.kz «Бірінші бол» порталына сілтеме жасап.

Ұлттық Құрама сапында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің элиталық бөліміне жолдама алған Қалмұрза клубтық деңгейдегі ойынындағы әлем жұлдызымен ойнаған сәттегі әсерімен бөлісті:

«Онымен кездескеннен кейін сендім,өмірде сөйлескеннен кейін. Бірақ, басында қатты қобалжыдым. Бәрі, шын өмір емес сияқты көрінді. Кейін ол мені өз парақшасына белгілеп қойған. Сол сәттен кейін босаңсып қалдым. «Ай, жарайсың» дедім (күліп). Айтып жеткізе алмаймын», — деді қақпашы.

Калмурза Куртуаға жеке жұмысқа көп көңіл бөлу керектігін естігенін де айтты: 

«Көп жұмыс істе! Көп жұмыс істесең, жарқын болашақ күтеді» деді.

Қақпашы алғаш танымалдылыққа Лига Чемпиондарының бірінші туруда «Спортингке» қарсы (1:4) ойында шыққан кезде ие болды. Ал екінші турда «Реалға» қарсы (0:5) ойында ол тур қорытындысы бойынша үздіктер қатарына кіріп, Тибо Куртуа мадақтауына ие болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар