Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйелдің мәйітінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Күйеуі асулы күйде табылған" - Іс-түссіз жоғалған ерлі-зайыптылар туралы сұмдық дерек анықталды

15:13, 21 қараша 2025 217

Ақтөбеде бір тәуліктен бері хабарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіттері бүгін қала шетінен табылды, деп хабарлайды Alash.KZ. 

40 жастағы Аманжол Алмағанбетов пен оның жұбайы Гүлжахан Шектібаева 41-разьездегі үйлерінен шыққан соң жоғалып кеткені туралы ақпарат кеше тараған болатын.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, табылған әйел адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Іздеу жұмыстарын жалғастыру барысында ер адамның денесі жеке аумақтан асулы күйінде табылған.

- Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қажетті процестік әрекеттер жүргізіліп, аумақ тексерілуде. Барлық заттай дәлелдемелер жинақталып жатыр. Сондай-ақ тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның мән-жайы мен себептері сот-медициналық сараптамалардың қорытындысынан кейін анықталатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар