Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Екі адам оқиға орнында көз жұмған" - Алматы–Өскемен трассасындағы сұмдық апат туралы жантүршігерлік дерек шықты (ВИДЕО)

15:40, 21 қараша 2025 130

Алматы–Өскемен бағытындағы тас жолда ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Changan маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алда келе жатқан жүк көлігінің артына соғылған, деп хабарлайды Alash.kz.

Соққының қатты болғаны соншалық, Changan автокөлігінің қозғалтқышы толықтай жұлынып, қарсы бағытта келе жатқан өзге көлікке тиіп кеткен. Сонымен қатар, жол апаты салдарынан Toyota Estima маркалы автокөлік те зақымданғаны белгілі болды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Changan көлігінде болған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

If the embed doesn't appear, open on Instagram.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар