Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау мектептерінің бірінде оқушы сынып ішінде аяусыз соққыға жығылып, ауыр жағдайда ауруханада жатыр (ВИДЕО)

16:30, 26 мамыр 2025 770

Атырау облысы Индер ауданында мектепішілік буллингтің кезекті дерегі тіркелді. Бұл туралы ALASH.KZ KopSoz.kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 “Көктем” қазақ орта мектебінің 7 “А” сынып оқушысы - Жаңабай Нұртөре Сәндібайұлы - сынып ішінде соққыға жығылып, ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, бұл жағдайды жабулы күйінде қалдыруға тырысуда, себебі соққы жасаған оқушылардың жасы - небәрі 14-те.

Жақындары әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етуде.

Мектеп әкімшілігі немесе тиісті органдар тарапынан әзірге ресми пікір білдірілген жоқ.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар