Араб конгломераты IHC (International Holding Company) ресейлік «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алуға қызығушылық танытқан компаниялар қатарына қосылды, деп жазады Alash.KZ Ұлысқа сілтеме жасап.
Reuters агенттігінің мәліметінше, IHC холдингі АҚШ Қаржы министрлігіне жүгініп, «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алуға ниетті екенін жариялаған. Компания бұл ақпаратты агенттік сұрауына ресми түрде растады. Әзірге Ресейден тыс «Лукойлдың» қай жобалары туралы сөз болып отырғаны және оның ішінде Қазақстандағы активтерге қатысты ма, белгісіз. Холдингтің өзінде «ресейлік корпорацияның шетелдік активтеріне қызығушылық білдірдік» деп көрсетілген, яғни теориялық тұрғыда келіссөздер Қазақстандағы кәсіпорындарды да қамтуы мүмкін.
IHC-ті БАӘ билеуші әулетінің мүшесі, шейх Тахнун бин Зайед әл-Нахайян басқарады. Холдингтің 62,1%-ы шейх Тахнунға тиесілі жеке инвестициялық компания Royal Group-қа қарайды.
Бұған дейін «Лукойлдың» шетелдік активтеріне қызығушылық танытқан ірі корпорациялар қатарында америкалық Carlyle, Chevron және Exxon Mobil бар. Алайда ресейлік компанияның қай жобалары жаңа меншік иелеріне өтуі мүмкін екені туралы нақты ақпарат жоқ. Сарапшылардың болжамынша, «Лукойл» Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орындары – Теңіз және Қарашығанақтағы үлестерін сатудан бас тартуы ықтимал.
Араб шейхі «Лукойлдың» Қазақстандағы активтеріне қызыға бастады
09:52, 22 қараша 2025
https://smi24.kz/ru/economy/ekonomika/lukoyl-rasprodaet-aktivyi-uzbekistan-vyihodit-iz-proekta-a-kazahstan-sohranyaet-svoi-optsii-2530051/#google_vignette
Соңғы жаңалықтар
Амал мерекесі: Маңғыстау азаматтары «Бірлік отын» жағып, елге береке-ынтымақ тіледі
11:42, 14 наурыз 2026
"Әйтпесе қыспаққа аламыз". Иранның діни жетекшісі үндеу жариялап, Америкаға талап қойды
09:51, 14 наурыз 2026
«Өнер қырандары» Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтен қандай әділдік сұрап отыр?
21:00, 13 наурыз 2026
Жанәбіловтер соты: Судья адвокаттың өтінішін қабылдамады, басты отырыс кейінге қалды
17:12, 13 наурыз 2026