Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбелік оқушы өзінен 5 жас кіші баланы ұрып, қолын сындырды деген күдікке ілінді

15:22, 14 қараша 2025 80

Ақтөбеде 5-сынып оқушысының қолы екі жерден сынып, ота жасалған. Қазір ол қолындағы сым темірмен үйде білім алуға мәжбүр, - деп хабарлайды Alash.kz. 

 "Жетінші арна" хабарлауына қарағанда,  оқиға биыл қазанда болған. Содан бері біраз уақыт өткенімен, баланың анасы енді ғана жанайқайын дүйім жұртқа жеткізіп отыр.

 

Ақжан Кәрімнің айтуынша, ұлын 10-сынып оқушысы спорт алаңында ұрып-соққан, мектеп басшылығы бейнебақылау жазбасын көрсеткен, бірақ сапасы нашар.

Телеарна мәліметінше, полиция істі "орташа ауыр жарақат келтіру" бабымен тергеп жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар