Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ әлемдік державалар арасындағы қақтығысты  байқады

15:05, 22 мамыр 2022 223
 



АҚШ Қарулы Күштерінің Штаб бастықтары комитеті әлемдік державалар арасында қақтығыс қаупі артқанын мәлімдеді.

АҚШ армиясы бас штабының бастығы генерал Марк Миллидің айтуынша, Ресей, Қытай және Америка Құрама Штаттарының  күрделі қақтығысқа түсу қаупі бар.
 «Біз қазір екі әлемдік держава – Ресей мен Қытаймен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл [елдердің] әрқайсысының айтарлықтай әскери әлеуеті бар және қазіргі ережелерге негізделген тәртіпті өзгертуге бел байлауда» деп келтіреді Миллидің сөзін ТАСС.

Оның айтуынша, АҚШ тұрақсыз болып бара жатқан әлемге енуде. Ал қақтығыстың ықтимал қаупі қазір ғана артып келеді дейді Милли. Дегенмен  cөзінің қандай болжамдарға негізделгенін генерал нақтылаған жоқ.







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?