Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, Аида Балаева бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды. Ол бұл қызметке 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған.