Ақмола облысында кадрлық ауыс-түйіс болды. Астрахан және Аршалы аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өңір әкімдігінің мәліметінше, Ақмола облысының әкімі Берген Жұмкейді Астрахан ауданының әкімі қызметіне тағайындады.
Берген Жұмкей 1985 жылғы 15 маусымда дүниеге келген.
2007 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2008–2009 жж. — Көкшетау қаласы бойынша «ХҚКО» ММ филиалының инспекторы.
2009–2010 жж. — Шортанды ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы.
2010–2011 жж. — Шортанды кентінің әкімі.
2011 ж. — Шортанды ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2011–2017 жж. — Шортанды ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
2017–2018 жж. — Шортанды ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2018 ж. — Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
2018 ж. — Шортанды ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2018–2021 жж. — Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2021 жылғы тамыздан бастап Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Сондай-ақ Ақмола облысының әкімі өкімімен Асхат Мұратбекұлы Ахмедьянов Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды.
Асхат Ахмедьянов 1992 жылғы 29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Комсомольское ауылында дүниеге келген.
2013 жылы «Тұран-Астана» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2014–2017 жылдары Атбасар ауданы Новоалександров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеген.
2017 жылы Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
2017–2019 жылдары Атбасар ауданы Покров ауылдық округінің әкімі болды.
2019–2021 жылдары Атбасар ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2021–2023 жылдары Атбасар ауданы Макеев ауылдық округінің әкімі болды.
2023–2026 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылғы ақпан айынан бастап Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.